ХАБАРЛАНДЫРУ
Фармация мектебінің деканаты 2026 жылғы 09 қараша мен 04 желтоқсан аралығында В072 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын 2 және 3 курс студенттері арасында 2026–2027 оқу жылының көктемгі семестрінде Санкт-Петербург химия-фармацевтикалық университетінде (Ресей Федерациясы) білім алу үшін «Студенттердің академиялық ұтқырлығы» бағдарламасына қатысуға конкурс жариялайды.
Конкурсқа қатысу үшін студенттер 2026 жылғы 5 желтоқсанға дейін Фармация мектебінің деканатына төмендегі құжаттарды тапсыруы қажет:
- Деканның атына жазылған өтініш;
- Жеке куәліктің көшірмесі;
- Шетелдік паспорттың көшірмесі;
- Транскрипттің түпнұсқасы;
- Ата-анасының келісім хаты;
- Портфолио (дипломдар, сертификаттар, алғыс хаттар, жарияланған тезистер мен ғылыми мақалалар);
- GPA орташа балы 2,6-дан төмен болмауы тиіс.
Жинақталған портфолионы Фармация мектебінің деканатына тапсыру қажет.
Фармация мектебі деканатының мекенжайы:
Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 153, 5-корпус, 1-қабат, 120, 109-кабинеттер.
Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз:
– 2 курс бойынша – Фармация мектебінің бас маманы Аймаханова Айгүл Шалхаровнаға;
– 3 курс бойынша – Фармация мектебі деканының орынбасары Жұматай Жазира Жұматайқызына.