Фармакогност мамандарымен заманауи инновациялық технологияларды қолдануды оқыту бойынша үлкен жұмыс келесі курстарда өткізіледі:
1 курс – «Ботаника»
4 курс – «Табиғи дәрілік заттар химиясы және технологиясы»
5 курс –«Фармакогнозия»
5 курс «Қортану»
Тәжірибелік сабақтарда теориялық және практикалық жұмысты қалыптастыру үшін, зертханалық жұмыстан басқа әртүрлі дағдылар яғни: ойын, кроссворд, ми шабуылы, кейс-стадиялар, эссе және т.б. қолданады. Сондықтан да «Фармация» және «ФӨТ» студенттерінде жоғарыда көрсетілген дисциплиналарды меңгеру қызықты өтеді.
Практикалық сабақтарда оқытушылар сабақты қорытындылау үшін студенттерге тест тапсырмаларын береді. Тест тапсырмаларында сұрақтардан бөлек , оларға нәтижесінде дәрілік өсімдік шикізатын немесе қандайда бір орган элементін немесе морфологиялық топты суреттерге қарап табу да беріледі.
Оқытушыларға жоғарыда көрсетілген дисциплиналар бойынша өз уақытында силлабустар, сонымен қатар емтихан сұрақтары және билеттер дайындалады. Алдағы оқу жылына орын жәрмеңкесі үшін элективті пәндер каталогы келесі дисциплиналар бойынша дайындалады: «Дәрілік өсімдік шикізат стандартизациясы», «Халық медицинасында қолданылатын дәрілік өсімдіктер», «Дәрілік өсімдік шикізатының фито-химиялық анализі».