Фармацевтика саласының кадрлық әлеуетін дамытуға арналған форум және дөңгелек үстел

2026 жылғы 7 сәуірде Алматы қаласында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 35 жылдығына және Қазақстан Республикасының фармацевтикалық қызметін қолдау және дамыту қауымдастығының 30 жылдығына арналған
«Қазақстан Республикасының фармацевтикалық саласының қазіргі жағдайы: даму векторы» атты фармацевтикалық форум өтті.

Форум аясында С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті Фармация мектебі
«Фармацевтикалық саланың кадрлық әлеуетін қалыптастырудағы кәсіби қауымдастықтың рөлі: заманауи сын-қатерлер мен даму векторлары» тақырыбындағы дөңгелек үстелдің модераторы болды.

Дөңгелек үстел «Фармация» білім беру бағдарламасын жетілдірудің негізгі аспектілерін, сондай-ақ қазіргі сын-қатерлер жағдайында фармацевтика саласының кадрлық әлеуетін дамытуды талқылауға бағытталды.

Білім беру, ғылым және практиканың интеграциясы, мамандар даярлаудағы сабақтастықты қамтамасыз ету және білім беру бағдарламаларын еңбек нарығының талаптарына бейімдеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Дөңгелек үстел жұмысына жетекші медициналық және білім беру ұйымдарының, ғылыми-зерттеу институттарының, практикалық денсаулық сақтау және кәсіби қауымдастықтың өкілдері қатысты, оның ішінде:

 С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті Фармация мектебінің фармацияны ұйымдастыру, басқару және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы

 әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

 Қазақстан-Ресей медициналық университеті

 Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы

 Қарағанды медицина университеті

 М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті

 Семей медицина университеті

 Алматы технологиялық университеті

 Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты

 Қазақстан Республикасының фтизиопульмонология ұлттық ғылыми орталығы

 «Ақcай» Республикалық балалар клиникалық ауруханасы

 «Каусар» ЖШС

 Профессор Рузуддинов атындағы жоғары медициналық-стоматологиялық колледжі

 Алматы қаласы ҚДСБ «Жоғары медициналық колледжі»

 Алматы қаласының Республикалық жоғары медициналық колледжі

 «Есік медициналық колледжі» ЖШС

 Талғар жоғары медициналық колледжі

 «Диана» жоғары медициналық колледжі

 «Интердент» жоғары медициналық колледжі

Дөңгелек үстел барысында келесі бағыттар бойынша баяндамалар ұсынылып, талқыланды:
• кәсіби қауымдастықтардың саланың кадрлық әлеуетін қалыптастырудағы рөлі;
• Қазақстан Республикасында фармацевтикалық кадрларды даярлаудың заманауи тәсілдері;
• білім беру, ғылым және практиканы интеграциялау жағдайында «Фармация» білім беру бағдарламасын жетілдіру;
• «колледж – бакалавриат» жүйесінде фармацевтикалық білімнің үздіксіздігін қамтамасыз ету.

Білім беру бағдарламасын фармацевтикалық нарықтың қажеттіліктері мен жұмыс берушілердің талаптарын ескере отырып жүйелі түрде жетілдіру жүзеге асырылуда, сондай-ақ жетекші отандық және шетелдік жоғары оқу орындарымен бірлескен бастамаларды дамыту арқылы білім беру бағдарламаларын интеграциялау қамтамасыз етіледі. Білім беру деңгейлерінің сабақтастығы қамтамасыз етіліп, бұл орта кәсіптік білімнен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімге кезең-кезеңімен өтуді, мамандарды даярлаудың тереңдеуін және олардың денсаулық сақтау жүйесіне тиімді интеграциялануын қамтамасыз етеді.

Талқылау қорытындысы бойынша «Фармация» білім беру бағдарламасын әзірлеудің негізіне алынған тұжырымдамалық қағидалар қалыптастырылды. Олар дөңгелек үстел тақырыптарын ескеруді, кәсіби қауымдастықтардың негізгі стейкхолдерлер ретіндегі рөлін күшейтуді, сондай-ақ пәндер мен тәжірибеге бағытталған модульдер тізбесін кеңейтуді көздейді. Бағдарлама дәрілік заттар айналымын нормативтік-құқықтық реттеу, дәрілік заттарды дайындау және өндіру, дәрілік заттар және дәрілік өсімдік шикізатының сапасын бақылау, тұтынуды жоспарлау және талдау, денсаулық сақтау ақпараттық жүйелерімен жұмыс істеу, клиникалық, госпитальдық және фармакоэкономикалық бағалау қағидаларын қолдану, сондай-ақ БМСК және стационар жағдайында дәрілік заттарды ұтымды әрі қауіпсіз қолдануды қамтамасыз ету салаларында құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша фармацевтикалық кадрларды даярлау жүйесін дамытуға, сондай-ақ «Фармация» білім беру бағдарламасын кеңейту және жетілдіруге бағытталған келісілген тәсілдерді айқындайтын қарар қабылданды. Іс-шараны өткізу білім беру ұйымдарының, мемлекеттік құрылымдардың және кәсіби қоғамдастықтың күш-жігерін біріктірудің Қазақстан Республикасында фармацевтикалық білім берудің тиімді жүйесін қалыптастырудағы маңыздылығын растады.