«Қазақ ұлттық тағамдар күніне» орай жүргізілген іс-шара қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшелігі мен құндылығын, қазақ халқының қонақжай дәстүрін құрметтеу, тағамдардың жасалу жолдарын жаңғырту болып табылады.

Наурыз – шыр айналған жылдың басы,
Адамның өлшенеді өмір жасы.
Қазақтың пейіліне жарасады,
Әр үйде дастарханға толған асы, – дегендей Наурыз мейрамын мерекелеу жоспарына сəйкес осы іс-шараға байланысты 2021 жылдың 17 наурызы күні Фармация мектебінің кафедралары университеттің мектептері мен факультеттері арасында қазақ ұлттық тағамдарын дайындаудан онлайн бейнероликтер челленджіне қатысты.