2026 жылдың 15 қыркүйегінде С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінде «Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының мұрасы және қазақ медицинасының бүгінгі келбеті» атты конференция болып өтті.
Конференцияны ҚазҰМУ проректоры У.М. Датхаев, Фармация мектебінің деканы З.Б. Сакипова және кафедра меңгерушісі Қ.С. Жакипбеков ашты. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының мұрасы және қазақ медицинасы тақырыбы баяндалды: Дәулетбек Байтұрсын – “Шипагерлік баян” тіліндегі сөз өрнегі және қазақ тілінің тарихи негіздері; Дәулетбек Байтұрсын – “Шипагерлік баян” тіліндегі сөз өрнегі және қазақ тілінің тарихи негіздері; Мақсат Әбдіқадырұлы – Өтейбойдақ қазақ медицинасын жасаушы емес, жалғастырушы тұлға; Тоқтар Баубекұлы – Шипагерлік баяндағы – мүшел, мезгіл және уақыт өлшемдері; Арғынбек Қабылқақ – Шипагерлік баян теориясындағы “Қан көзігі мүше бұрғақ және қансүзгі мүше бүргектің” қазіргі медицина теориясымен салыстырмасы; Орынбасар Нағыметжан – Шипагерлік баяндағы ауруды анықтау және емдеу тәсілдері; Бақытбек Мұхамадияұлы – Қазақ емшілігі және тағамтану ғылымы: дәстүрлі медицинаның тарихи, ғылыми негіздері мен адам денсаулығын сақтаудағы маңызы; Дәлен Кішкентайұлы – Шипагерлік баяндағы заң-ережелер және қазақтың дәстүрлі дүниетанымы; Нұрлан Тәліпұлы – Қойдың құйрықмайының Қазақ емшілігінде қолданылуы; Батима Қанай – Шипагерлік Баяндағы тері ауруларын емдеу әдістері; Қажат Шәмшітқанұлы – Шетпе және ілме ауруларының шипагерлік баяндағы айырмашылығы және емдеу жолдары; Әзен Болатхан – Киелі ермен – киелі кике.


