С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің «Инженерлік пәндер және тиісті практикалар» кафедрасының профессор ассистенті Ибадуллаева Ақтолқын Кинязбекқызы университет әкімшілігі мен жергілікті жұмыскерлер кәсіподағы ұйымының шешімімен кәсіби қызметіндегі жоғары жетістіктері, университеттің дамуына қосқан үлесі, белсенді қоғамдық қызметі және жас мамандарды даярлаудағы еңбегі үшін Алғыс хатпен марапатталды.
Әріптесімізді лайықты марапатымен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, ғылыми жетістіктер, мықты денсаулық және кәсіби қызметінде жаңа белестер тілейміз!

