АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университеті 17 ақпан 2022ж. Инженерлік пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен “Фармацевтикалық өндірістің заманауи ақпараттық технологиялары” атты конкурсқа қатысуға шақырамыз!
Байқау факультеттің дарынды студенттерін қолдау және олардың шығармашылық қабілеттерін ашуға жағдай жасау, студенттердің ғылыми-инновациялық қызметке белсенділігін арттыру мақсатында өткізіледі.
Сайысқа қатысушылар: С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университетінің 3-4 курс студенттері. IT-жобамен командалар (құрамында 5 студентке дейін) қатысуға болады.
Конкурс екі кезеңнен тұрады.
Өтетін орны: С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, 2 –корпус, Инженерлік пәндер кафедрасы 155 каб.
7.02.2022ж. 1-кезең өтіледі. Тіркелуі: сағ 9.00. Басталуы сағат 10.00
1-кезең.Фармацевтикалық өндірістің заманауи ақпараттық технологиялары
Фармацевтикалық өндірістің заманауи ақпараттық технологиялары бағытында жасалған жоба өткізіледі, жобаның заманауи талаптарға сәйкес компоненттері мен ресурстары қарастырылады. Критерии талаптары бойынша техникалық байқаудан өткен жоба 2-ші кезеңге ұсынылады.
24.02.2022ж. 2-кезең өтіледі. Басталуы сағат 10.00
2-кезең. Фармацевтикалық өндіріс орындарындағы – IT технология
Топ мүшелері Startupүлгісіндегі жобаларын презентация түрінде қорғайды. Жобаның қазіргі таңдағы тиімділігін көрсетеді. Сарапшылардың шешімі бойынша «Үздік Startup жобасы» номинациясы беріледі.