Ашық сабақ

Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасында 26.03.2019 күні 226 аудиторияда кафедра мұғалімі А.М.Қантурееваның жетекшілігімен «Фармация» мамандығы бойынша 4 курс ФА 15 – 002 – 01 Р топ студенттерімен «Рrofessional english language» пәні бойынша ағылшын тілінде ашық сабақ өткізілді. Практикалық сабақтың тақырыбы: «Vitamines».

Витаминдер организмнің қалыпты жұмыс істеуі үшін қажет, бірақ ешкім оны өзі өзі жасай алмайды. Олар өсімдік және жануарлардан алынатын тағамдардан табылған және жақсы денсаулығы үшін аз мөлшерде қажет. Витаминдер метаболизм процестерінде маңызды рөл атқарады және зертханада синтезделуі мүмкін деген ақпараттар алынды.

Студенттердің өткен сабақтарда алған білімдерін қорытындылай отырып, тақырыпқа байланысты тапсырмалар беру арқылы тақырыпқа байланысты вайн бейнетаспа, ситуациялық тапсырмалар, прези бағдарламасында презентация, бейнетаспа арқылы жаппай талқылау білімдерін тексеру, бағалау жүргізілді. Сабақ барысында тақырыптың негізгі сұрақтары талқыланып, жеке тұлғаның бойындағы талдау, салыстыра білу қабілеттерін дамыту шаралары іске асты. Оқушылардың білімге қызығушылығын арттыруда ұйымшылдыққа тәрбиелеуде төмендегі сабақ түрлері – сайыс, жарыс сабағы, интегративтік сабақтар түрінде өткізілді. Комиссия мүшелері сабақ жоғарғы мектеп талаптарына сай деген қорытынды жасады.