А.Р. Шопабаева ғылым саласындағы көп жылғы жемісті қызметі үшін Университет атынан «Алғыс хатпен» марапатталды

Бүгін ҚР ғылым саласы қызметкерлерінің күні. Осыған орай ұзақ жылдары С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУФармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасында еңбек еткен фарм.ғ.к.,профессор А.Р. Шопабаева ғылым саласындағы көп жылғы жемісті қызметі үшін Университет атынан «Алғыс хатпен» марапатталды.

Университет басшылары, оқытушы-профессорлар құрамы, әріптестері, достары және оқушылары Алма Рахимбаевнаны Ғылым қызметкерлері күнімен құттықтап, зор денсаулық, шығармашылық табыс тілейді.