«Дәрілік заттар айналымындағы этико- деонтологиялық аспектілер» пәні бойынша ашық сабақ

Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасында 16.11.2018 күні сағат 11:00 де 225 аудиторияда кафедра мұғалімі Р.А.Қозыкеванның жетекшілігімен «Фармация» мамандығы бойынша 2 курс ФА 17 – 005 – 01 Р топ студенттерімен «Дәрілік заттар айналымындағы этико- деонтологиялық аспектілер» пәні бойынша ашық сабақ өткізілді. Практикалық сабақтың тақырыптары: «Дәрілік заттарды өндірудің, сапасын, тиімділігі мен қауіпсіздігін бақылаудың биоэтикалық және этикалық аспектілері». Сабақты TBL әдісі бойынша жүргізілді. Сабақтың мақсаты: студенттерді биоэтикалық және этикалық өндіріс аспектілерімен таныстыру, дәрілік заттардың сапасын, тиімділігі мен қауіпсіздігін бақылау.

Студенттердің өткен сабақтарда алған білімдерін қорытындылай отырып, тақырыпқа байланысты тапсырмалар беру арқылы индивидуалды және топтық тестілеу, командалық аппеляция, ситуациялық тапсырмалар, презентация, жаппай талқылау білімдерін тексеру, бағалау жүргізілді. Сабақ барысында тақырыптың негізгі сұрақтары талқыланып, жеке тұлғаның бойындағы талдау, салыстыра білу қабілеттерін дамыту шаралары іске асты. Оқушылардың білімге қызығушылығын арттыруда ұйымшылдыққа тәрбиелеуде төмендегі сабақ түрлері – сайыс, жарыс сабағы, интегративтік сабақтар түрінде өткізілді.