М.Әуезов атындағы театрда «Жүрегімнің иесі» қойылымын фармация мектебінің студенттерімен тамашалау
Қатысушылар: фармация мектебінің студенттері, тәлімгер Шекеева К.К.
«Жүрегімнің иесі» – жас буынның туындысы. Жас драматург А. Аламанның пьесасы бойынша жас режиссер А. Оспанбаева сахналаған қойылымда театрдың жас буын актерлері ойнайды.
Жастық шақ – сезім, махаббат әлемі. Жар таңдау, өмірлік серік табуда ең маңыздысы не деген сұраққа жауап іздейді. Жастардың, әсіресе, қыздардың отбасын құра алмай жүруінің себебі талқыланады. Қоғам үшін де маңызды осы сауалдар алға тартылатын қойылымның негізгі идеясы әр адамның өз құпиясы болады, сол құпия сақталуы, әр адамның өз тағдырын кешіп шығу құқығы қорғалуы керек дегенге саяды. Жалпы қойылымда жас актерлар өз рольдерін жақсы ойнайды. Қойылымы да жақсы ойластырылған. Өнерлі жастардың өрге қарай ұмтылуы, іштегі сырларын өнер арқылы жеткізу бұл баға жетпес рұхани күш. ҚР өнерлі жастардың көп болуы, қуанарлық жағдай. «Жүрегімнің иесі» – жас буынның туындысын тамашалап, өнерлеріне ризашылықпен қайттық.