ЕЛ НАМЫСЫН ЕР ҚОРҒАЙДЫ, ЕР ЕРЛІГІН ЕЛ ҚОЛДАЙДЫ!

8 ақпан 2019 жылы «Ел намысын ер қорғайды, ер ерлігін ел қолдайды!» – ауған соғысының ардагерлеріне арналған тәрбиелік сағат (дөңгелек стол) өтілді.

Қатысушылар: Фармация мектебінің 2 курс студенттері

Ұйымдастырушы: Жастар саясаты басқармасы және химия және фармацевтикалық пәндер кафедрасында тәрбие жұмысына жауапты Шекеева К.К.

Студенттердің бойына патриоттық сезімін қалыптастыру, ерлікке тәрбиелеу. Ауған соғысы туралы және оған қатысқан қазақстандықтардың ерен ерліктері туралы мәлімет беру. Ауған соғыс ардагерлеріне және олардың отбасыларына құрмет көрсетуге тәрбиелеу және олардың ерліктерін студент жастар арасында насихаттау. Өз Отанын, елін, туған жерін сүю, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатта тәрбие сағаты өтілді.

«Отан үшін отқа түс- күймейсің»- деп Б.Момышұлы айтқан. 1989 жылы ақпан айының 15 жұлдызында аналарды перзетінен айырған, мыңдаған жерлес-бауырларымыз қаза тапқан қасіретті де қайғылы Ауған соғысы аяқталды. Жылдар өткенімен интернационалист-жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда. Біз еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын Отан алдындағы борыштарын адал ақтаған азаматтар деп құрмет тұтамыз. Ауған соғысы жайлы тереңірек біліп-тану, мәлімет беру. Ержүрек ағаларымыздың ерліктерін болашақ ұрпаққа үлгі ету. Ешкім де, ештеңе де ұмытылмауы тиіс! Себебі, бұл-біздің тарихымыз, біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз!

Ауған соғыс аяқталды,

Аналар қуанғаннан жылап алды.

Сұм соғыс жалмап кетті көп өмірді,

Сұм соғыс үзіп өтті көп үмітті.

Оралмай сан боздақтар кетті қанша,

Қалды-ау талай ғұмыр тау мен таста.

Ауған жері, ауған елін қорғаймын деп,

Жастары жетпеген бар жиырмаға да…

Міне өтті қас-қағымда 30 жыл,

Еске алып ұрпақтарын жазады жыр.

Ерлерді ешқашанда ұмытпаймыз,

Отанымен жаны да бір, қаны да бір.

Ағаларым жаралған ерлік рухтан,