Кеңестер Одағы әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл!

2019 жылдың 15 ақпан күні Кеңестер Одағы әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толады. Осыған орай «Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация» кафедрасы Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өткізді. Кездесуге Леонтьева Галина Васильевна (1981-1983, Баграм првинциясы), Джумагалиев Муса Гайнуллович(1979-1980, Кундуз қаласы), Исаков Искендер Максатович (1984-1986, Шиндант қаласы), Кидаров Назымбек Хасенұлы (1987, Баграм првинциясы) сынды батыр қонақтарымыз келді. Кафедра оқытушылары және студенттермен болған кездесуде ардагер батырларымыз Ауған жерінде болған сұрапыл соғыс жайлы, ол жақта бастан кешкендерін айтып, қатысушылардың патриоттық сезімдерін оятып, отансүйгіштікке, ерлікке тәрбиелейтін қанатты сөздерін тілге тиек етті. Қазіргі заманымыздың бейбіт, тыныш екенін және осы байлықты бағалай, қадірлей білуіміз керек екендігін айтып, кездесуге қатысушыларға өздерінің жүрек жарды тілектері мен ыстық лебіздерін білдірді.

Ауған соғысына қатысып, осы күнге жете алмаған ардагерлермізді еске алып, 1 минуттық үнсіздік болды.

Кездесу соңында, «Фармация» мектебінің 4 курс студенті Рахатов Берген Ауған соғысы ардагерлеріне арнап жыр шумақтарын оқыды.

Кездесуден кейін университетіміздің музейін аралап, тарихи құндылықтарымызбен танысты.