С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті B085 – «Фармация» білім беру бағдарламасына қысқартылған оқу мерзімі бойынша қабылдау жариялайды

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті университеттің Қабылдау қағидаларына сәйкес (әңгімелесу түріндегі қабылдау емтиханы форматында) ақылы негізде қысқартылған оқу мерзімі қарастырылған «Фармация» білім беру бағдарламасына (бұдан әрі – ББ) қабылдау жүргізілетінін хабарлайды.

Аталған бағдарлама колледждің (ТжКБ) фармацевтикалық білімі бар немесе басқа жоғары білім алған талапкерлерге ұсынылады (фармацевтикалық өндіріс технологиясы, химиялық технология, медицина, биология, биотехнология немесе кез келген басқа жоғары білім).

«Фармация» білім беру бағдарламасын аяқтаған түлектерге «Фармация» біліктілігі бойынша денсаулық сақтау бакалавры дәрежесі беріледі.

Оқуға түсу үшін құжаттарды университеттің қабылдау комиссиясына 2026 жылғы 07 шілде мен 07 тамыз аралығында тапсыру қажет.

Фармацевт дипломын алғаннан кейін түлек өзінің кәсіби құзыреттеріне сәйкес денсаулық сақтау жүйесінің, фармацевтика саласының, ғылымның, білім берудің және мемлекеттік реттеудің әртүрлі ұйымдары мен құрылымдарында жұмыс істей алады.

Жұмысқа орналасудың негізгі бағыттары:

  • дәріхана ұйымдары (бөлшек сауда және өндірістік дәріханалар);
  • дәрілік заттарды өндіретін фармацевтикалық компаниялар мен кәсіпорындар;
  • отандық және халықаралық (шетелдік) фармацевтикалық компаниялар;
  • дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме саудада өткізетін дистрибьюторлық компаниялар мен ұйымдар;
  • дәрілік заттардың сапасын, қауіпсіздігін және тиімділігін бақылау ұйымдары;
  • бақылау-талдамалық зертханалар;
  • сараптамалық және сертификаттау органдары;
  • дәрілік заттардың айналымы саласындағы мемлекеттік реттеуші органдар;
  • ғылыми-зерттеу институттары (ҒЗИ) және ғылыми орталықтар;
  • клиникалық зерттеулер орталықтары;
  • медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдары (колледждер, университеттер, біліктілікті арттыру орталықтары);
  • медициналық ұйымдар (ауруханалар, емханалар, диагностикалық орталықтар);
  • зертханалық кешендер мен биотехнологиялық орталықтар;
  • фармакологиялық қадағалау және дәрілік заттарды тіркеумен айналысатын ұйымдар;
  • стандарттау және сапаны қамтамасыз ету ұйымдары;
  • фармация және денсаулық сақтау саласындағы консалтингтік және талдамалық компаниялар;
  • халықаралық ұйымдар мен шетелдік фармацевтикалық компаниялардың өкілдіктері және т.б.

Сонымен қатар, түлек жеке дәріхана, дәріханалар желісі, фармацевтикалық компания немесе дәрілік заттар айналымы саласында консультациялық орталық ашу арқылы кәсіпкерлік қызметпен айналыса алады.

Барлық сұрақтар бойынша хабарласу үшін:

Мекенжайы: Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 151, (Масанчи көшесінің қиылысы), №2 оқу корпусы.

Телефондар: 8 (727) 338-70-27, ішкі нөмірлері: 70-71; 73-50

Сайт: www.kaznmu.edu.kz

E-mail: [email protected]

Фармация мектебінің деканаты:
Тел.: 8 (727) 338-70-27, ішкі нөмірлері: 77-71; 77-72

Декан: Сакипова Зуриядда Бектемірқызы
Тел.: 8 (727) 338-70-27, ішкі нөмірі: 73-61

Құжаттарды қабылдау 2026 жылғы 7 шілдеден 7 тамызға дейін жүзеге асырылады.