«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы сенбілік

2026 жылғы 15 қазанда С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Фармация мектебінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік өткізілді. Іс-шараға В072 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасының 1-курс білім алушылары, ФӨТ26-001 және ФӨТ26-002 топтарының студенттері қатысты.

Сенбіліктің мақсаты – университет аумағының тазалығын сақтауға үлес қосу, білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға баулу.

Сенбілік барысында студенттер университет аумағын тазалау жұмыстарына қатысып, тазалықты сақтаудың маңыздылығын көрсетті.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында 2026 жылғы 15 қазаннан 15 қарашаға дейін Фармация мектебінде әр аптаның бейсенбі күні тазалық жұмыстары ұйымдастырылады. Бұл бастама білім алушылардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға және университет аумағының тазалығын сақтауға бағытталған.