Тәлімгерлік сағаттар

2019 жылдың 21 – 25 қаңтар аралығында «Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың 7 қыры» мақаласы аясында кафедраның тәлімгерлері доцент, PhD Жакипбеков К.С., және кафедраның оқытушылары Тлеубаева М.И., Серикбаева Э.А., Сейтова Ж.Д., Кантуреева А.М.., Әбілқасымова Ә.М., Аширов М.З., Егізбаева А.А., Рахымбаев Н.А., Муканова А.Б., Козыкеева Р.А., Макашева Н.О. және тәлімгерлік ететін топтарымен тәлімгерлік сағаттар жүргізілді.

ФА18-003 – 1 р, ФА18-001 -1,2к, ФА18-002-1 к топтарында «Түп тамырымызды жете танудың жаңа жолы» «Қазақстандағы фармация ғылымының даму тарихы» тақырыбында тәлімгерлік сағат өткізілді. Өткізу мақсаты: Еліміздегі фармация ғылымының даму тарихын және фармацияның дамуына үлес қосқан ғалымдарды білуге, құндылықтарын қастерлеп, дамуына өз үлесін қосу қажеттілігін жеткізу.

ФА17-001-1, 2к, ФА17-002-1,2к топтарында «Ұлт тарихындағы
құндылықтар» топтарында тақырыбында тәлімгерлік сағат өткізілді. Өткізу мақсаты: Еліміздің тарихи құндылықтарымен таныстыру.

ФА17-003-1,2к, ФА17-004-1,2к топтарында «Уақыт пен кеңістік тоғысқанда өрбіген ұлт жәдігерлері» тақырыбында тәлімгерлік сағат өткізілді. Өткізу мақсаты: Нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаһандық тарихтағы өз орнымызды айтып талқылау

ФА17-005-1,2р, ФА17-006-1р топтарында «Ұлы даладағы ежелгі металлургия» тақырыбында тәлімгерлік сағат өткізілді. Өткізу мақсаты: Металл өндірудің амал-тәсілдерін табу тарихтың жаңа кезеңіне жол ашып, адамзат дамуының барысын түбегейлі өзгергенін және сан алуан металл кендеріне бай қазақ жері екенін түсіндіре білу

ФА16-003-1,2 р, ФА16-001-1,2 к, ФА16-002-1,2 к топтарында «Ұлы даланың 7 қыры». Алтын адам» тақырыбында тәлімгерлік сағат өткізілді. Өткізу мақсаты: Орталық Азия аумағынан бұрын-соңды табылған жазу атаулының ішіндегі ең көнесі болып табылатын «Алтын адамды» еліміздің тарихы екенін түсіндіру

ФА15-001-1,2 к, ФА15-002-1р топтарында «Ұлы Жібек жолы» тақырыбында тәлімгерлік сағат өткізілді. Өткізу мақсаты: Еліміздің географиялық тұрғыдан ұтым­ды, яғни Еуразия құрлығының кін­дігінде орналасуы ежелден әртүрлі мем­лекеттер мен өркениеттер арасында тран­зиттік «дәліздердің» пайда болуына сеп­тігін тигізген Ұлы Жібек жолын насихаттау

ФА14-001-1,2 к, ФА14-002-1 р топтарында «Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны» тақырыбында тәлімгерлік сағат өткізілді. Өткізу мақсаты: Елімізде бүкіл әлем үшін өзіндік мән-маңы­зы зор бұл өсімдіктер осы жерде бүр жа­рып, жер жүзіне таралғандығын және бағалай білуді үйрету