«Фармацевтикалық қамқорлық» пәні бойынша ашық сабақ өткізілді

Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасында 18.09.2019 күні сағат 08:00 де 103 аудиторияда кафедра мұғалімі Қ.Б.Жарымбетовтің жетекшілігімен «Фармация» мамандығы бойынша 2 курс ФА 18 – 002 – 01 Р топ студенттерімен «Фармацевтикалық қамқорлық» пәні бойынша ашық сабақ өткізілді. Практикалық сабақтың тақырыбы: «Ауырсыну кезіндегі фармацевтикалық қамқорлық (бас,тіс,буындағы және бұлшықеттегі ауырсыну)».

Сабақтың мақсаты: бас және тіс ауруы, буындар мен бұлшықеттердің ауруы кезінде фармацевтикалық қамқорлық дағдыларын қалыптастыру бойынша білім алушылардың білімін қалыптастыру.

Міндеті: Пациенттерді дәрі – дәрмекпен қамтамасыз ету

Ауырсыну кезіндегі фармацевтикалық қамқорлық, яғни бас, тіс, буындағы және бұлшықеттегі ауырсыну кезінде фармацевт пациентке қандай көмек бере алаттын жайында, Фармацевттің пациентпен қарым-қатынас алгоритмі, консультациялық көмек жайында талқыланды. Сонымен қатар студенттер фармацевт пен пациент рөлін ойнап, фармацевтпен пациенттің қарым-қатынас алгоритмін көрсетті.

Сабақ барысында тақырыптың негізгі сұрақтары талқыланып, жеке тұлғаның бойындағы талдау, салыстыра білу қабілеттерін дамыту шаралары іске асты. Оқушылардың білімге қызығушылығын арттыруда ұйымшылдыққа тәрбиелеуде төмендегі сабақ түрлері – сайыс, жарыс сабағы, интегративтік сабақтар түрінде өткізілді. Комиссия мүшелері сабақ жоғарғы мектеп талаптарына сай деген қорытынды жасады.