Шыңғыс Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн»

11 қаңтар 2019 жылы М.Әуезов театрында Шыңғыс Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» қойылымын фармация мектебінің 2-курс студенттерімен тамалашалау

Ұйымдастырушы: жастар саясатының басқармасы, химия және фармацевтикалық пәндер кафедрасында тәрбие жұмысына жауапты Шекеева К.К.

Қатысушылар: Фармация мектебінің 2-курс студенттері

Өмір біреу. Бірақ адамның тағдыры әрқалай. Ғасырдан да ұзақ көрінгенімен, уақыт-ағзам алақанында пенде ғұмырының жарқ еткен сәулесі қас-қағым. Сол жолдағы өмірдің ұсынған әр сынағы жүректі жан үшін үлкен сабақ. Ол сынды қайыспай жеңу бар да, мәңгілік адамзаттық арманыңа адал болу, соңыңнан атыңды өшірмейтін өмірлік өнеге – саналы ұрпақ қалдыру – пенде біткенге тән бақыттың шыңы. Себебі, өмір – рельс, адам ғұмыры отарбаның дөңгелегіндей шыр айналған дүние-кезек әлем. Әдебиет әлемінің үш бірдей суреткері шығармасындағы тамыры үзілмес ортақ тінді режиссер осы ой биігінде сараптайды.

Қоюшы режиссері: Ұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Ғасырдан да ұзақ күнШыңғыс Айтматовтың алғашқы романы

Темір жол бойындағы тіршілікті сипаттаудан басталады. Ұланғайыр Сарыөзектің Боранды разъезінде қырық жылдан астам уақыт еңбек еткен Қазанғаптың өлімімен толықтай өрбиді. Сол кісінің өлер алдындағы аманаты өзін Ана Бейітке жерлеу еді… Тіршілігі қызу қайнап жатқан әлдебір бірнеше кеңістіктер бейнеленеді: Боранды бекеті, Сарыөзек, ел, мифологиялық кеңістік және Жер планетасы мен оның төңірегіндегі ғарыш. Осы кеңістіктердің тоғысында жазушы қаламынан бас кейіпкер Боранды Едігенің образы туады. Сол Едіге түрлі кедергіге қарамай досының ақырғы аманатын орындауға таң атпай сапар шегеді. Жол бойы Борандының Едігесі үлкен сынақтан өтеді, ол – өзінің бар өмірін, өткенін еске алып, баға беру болатын.. Едігенің өткені оқырманның қызығушылығын оятатындай қызықты да шынайы. Едіге дүниежүзілік соғыстың жан шарпыған сұрапыл отын кешті, контузия алды, туылғанын көрмей жатып ұлынан айырылды, барар жер басар тауы қалмаған шақта Қазанғапты кездестірді. Қазанғаппен иық тіресе отырып сұрапыл соғыстан кейінгі жылдардың жоқшылығын көрді. Едігенің әйелі Үкібаланың тапқырлығы, көрегендігі әлде неше рет көрінеді. Боранды Бекеттегі тағдыры қиын тағы бір кейіпкер – Әбутәліп. Болгарияда тұтқында болған Әбутәліп Құттыбаевтің соғыстан кейін «шет елде тұқында болған» деген қате түсініктің әсерінен жұмысқа орналаса алмай шөл даладағы Сарыөзекке келуі… Бұл туындыда ерекше әсер қалдыратын – мифологиялық әлем. Ел ауызында сақталып келген “Найман-Ана” мен «Раймалы-ағаның Әбділханға айтқаны» деген аңыз қамтылған. лғашқысында Сарыөзек даласына бас салған жуан-жуан тайпасының тұтқындарын адам төзгісіз азаптауы, ақыл есінен айыру мақсатында басына түйенің көн терісін қаптап, “мәңгүрт” күйге түсіруі ашық бейнеленген. Соғыстың ауыртпалығына қарамай, мәңгүрт ұлын құтқару үшін жаудың даласына аяқ басқан ананың қиындығы, баласына деген махаббатын оқығанда жүректі елжіретері анық… Екінші аңызда: Жас кезінде той-думаннан көз ашпаған алпауыт ақын Раймалы аға қартайған шағында үйінен шыға бермесе керек, күндердің бір күнінде жұрт өтінген соң, бой жазу мақсатымен бір тойға түседі. Киіз үйде отырғанда сол бөлмеге 19 жасар ақын қыз Раймалы ағаға сөз айтып, екеуі қосыла тойды жандандырады. Жасы алпысқа келіп жас қызға ғашық болған ақын ағасы сол күні ертеніңе жәрменкеде жас қызбен кездесуге сөз байласады. Раймалы ағаның інісі және соның туыстары бұл бассыздыққа наразы болады. Әулетіміздің атына кір келтірді деп олардың кездесуін болдырмай, ақынның домбырасын қиратып, Сарыала атты асыл түйесін бауыздайды да, дәрмені қалмай, туған інісінен осынша азап көрген ақынды ақ қайыңға таңып кетеді. Туындыда оқиғаның соңы “Сонда ақын ән бастады сөнбейтін, өзі өлсе де, мәңгі-бақи, заман-заман өлмейтін: Қаратаудан көш қайтқанда, Қолымды шеш, Әбілхан. Көкшетаудан көш қайтқанда, Арқанды кес, Әбілхан…” деп басталатын өлеңмен аяқталады. Фантастикалық элементтер де орын алған, олар: Едігенің түлкіні көз жұмған Қазанғаптың рухы қонған жануар деп пайымдауы, ғарыштағы орбиталық станцияда орын алатын оқиғалар, Найман Ана, түйелер туралы аңыздар. Туындының шешімі – аманаттың орындалмауы. Ана-Бейіттің тыйым салынған зонаның ішінде қалып кетуі. Амалы таусылған бір топ ерлердің Қазанғаптың мүрдесін Құмдышап төбесіне жерлеп келуі, сол оқиғандан кейін, Едігенің Сарыөзек даласы жөнінде ойланып, басшылыққа шағым түсірмек ниетте жабық зонаға беттеп, мардымды жауап ала алмай елге өкінішпен қайтар жолда “Құрсау” операциясы бойынша аспанға көтерілген ракета әсерінен болған құбылысқа куә болуы. Оқиға Едігенің қыздарының Борандыға келуімен, осы кезде Едігенің өз мақсатын орындау үшін жоғарғы жаққа шағымдануға кетуімен аяқталады