Ғылыми-зерттеу байқауының ІІ туры

30.01.2019 ж. күнгі № 55 бұйрыққа сәйкес жоғары оқу орындары арасындағы білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының Республикалық байқауының өткізілуіне байланысты «Ұлттық медицина университеті» АҚ-ның факультеттері және мектептері бойынша, білім алушылардың арасында ғылыми-зерттеу байқауының ІІ туры 1.02.2019 ж. күні өткізілді. Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасынан аталған байқауға студенттердің 10 ғылыми жұмысы ұсынылды және комиссия шешімі бойынша Фармация мектібінің 4 курс студенті Абдрахманова Балжан – 2 орын, Фармация мектебінің 5 курс студенті Ан Владимир – 3 орын, Фармация мектебінің 4 курс студенті Сабденалиев Мадияр – 3 орын иегерлері атанды. Студенттерді жеңісімен құттықтай отырып, жаңа жетістіктерге жете беруін тілейміз!!!