Ғылым және бизнес: Қазақстанның инновациялық даму жолдары, ғылыми-инновациялық көрме

2023 жылы 13 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде Ғылым апталығы аясында «Ғылым және бизнес: Қазақстанның инновациялық даму жолдары» атты ғылыми-инновациялық көрме өтті. Онда қазақстандық Жоғары Оқу Орындары (ЖОО) мен Ғылыми-зерттеу Институттарының ғалымдары әзірлеген коммерцияландыруға дайын жобалар, ірі компаниялары мен басшылары, бизнес өкілдеріне таныстырылды.
Ғылыми жетістіктер көрмесін ҚР Ғылым және Жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым академиясының президенті Күнсұлу Закарья, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-тің басқарма төрағасы ректоры Жансейіт Түймебаев, “Атамекен” ҚР ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мақсат Қиқымов, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров, сондай-ақ бизнес және ғылым өкілдері, ірі компания басшылары тамашалады.
Көрмеге наноматериалдар негізіндегі қабылдағыштар, энергия үнемдейтін шамдар, физика бойынша бағдарламалық кешен, композиттік материалдар (шунгит), COVID-19 вирустарын жоюға арналған дербес портативті құрылғы, арнайы мақсаттағы полиэфирлі шайырлардың тәжірибелік өнеркәсіптік өндірісін құру, наноспутник және дәрілік өсімдік шикізаты негізінде алынған дәрілік заттар тағы басқа барлығы 20-ға жуық инновациялық жоба қойылды.
Көрменің басты мақсаты – ғылым-білім-өндіріс арасында байланыс арттыру, ғылымды бизнес арқылы дамыту.
Осы негізде Ғылым апталығына С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті, фармация мектебінен профессорлық оқытушылар қауымы қатысты.
Келесідей ғылыми-жоба жұмыстары ұсынылды:
Амирханова Акерке Шиынкуловна PhD, Устенова Гульбарам Омаргазиевна, профессор: тақырып бойынша «Тықыр кекіре (Оxytropis glabra lam.dc) экстрактысы негізінде қабынуға қарсы таблетканың фармацевтикалық негіздемесін жасау»;
Устенова Гульбарам Омаргазиевна профессор, Кантуреева Айгерім Мамытжановна магистр: «Разработка фотозащитного крема из экстракта сафлора»;
Капсалямова Эльмира Николаевна профессор: «Проект организации производства лекарственных средств на основе растительного сырья Цистанхе солончаковой (Cistanche salsa O.) на базе КазНМУ»;
Бошкаева Асыл Кенесовна профессор: «Производство антибиотиков природного и полусинтетического ряда».