«ҮЗДІК ПЕДАГОГ – 2023»

Қазақстан Республикасы Педагогтар Қоғамының ұйымдастырумен өз ісіне адал, білім беру саласында қажырлы еңбек етіп жүрген педагогтер қауымын ынталандырып, сала үздіктерін анықтау мақсатында «ҮЗДІК ПЕДАГОГ – 2023» республикалық байқауы өткізілді.
Қазақстан Республикасы Педагогтар Қоғамының шешімімен білім беру саласына қосқан елеулі үлесі үшін Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасының оқытушысы, медицина ғылымдарының магистрі Конаш Нышанбай Ермекұлы үздік деп танылып, “Үздік жас педагог” төсбелгісімен және арнайы дипломмен марапатталды.