«Үштілділік заман талабы» атты тәрбиелік шара

11.04.2023 күні сағат 12:00 – де «Үштілділік заман талабы» атты сағат өткізілді. Тәрбиелік шара ТФП 22-001 кураторлық топпен өткізілді.
Мақсаты: Студенттерді ана тілімен қатар өзге тілдерден де теориялық білімдерін, тіл жайлы ұғымдарын тереңдету, мемлекеттік тілді сүюге, өзге тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдалана алатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек.
Олар: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі-ұлтаралық қарым-қатынас тілі, ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Қазақстан үшін үштұғырлы тіл- елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылуының бірінші баспалдағы.
Әр азамат өзінің ана тілін біліп, сүюге, құрметтеуге міндетті. Сонымен қатар, әр адам өзге де тілді үйреніп, оларға да құрметпен қарап, өз кәдесіне жаратып жатса, «Жеті түрлі ілім біл, жеті жұрттың тілін біл» деп ата бабаларымыз айтпақшы, нұр үстіне нұр болады. Сол себепті де бұл шара ана тілімізге және орыс тілі мен ағылшын тіліне арналды.