2026 жылғы 5 мамырда С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде әскери кафедра түлектері салтанатты түрде әскери ант қабылдады.
Салтанатты шара университеттің «Кеңес одағының батырлары аллеясы» бойымен Кеңес Одағының Батырлары, яғни, кезінде Алматы медицина институтының студенттері Отан соғысы жылдары майданға аттанып, жасаған ерлігі мен отансүйгіштігі бүгінгі ұрпаққа мәңгі үлгі болып қалған, қазақ халқының аты аңызға айналған батыр қызы Мәншүк Мәметова мен Владимир Иваниловтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды.
Салтанатты жиында сөз сөйлеген университет ректоры Марат Шоранов әскери анттың түлектер өмірінде маңызды екенін атап өтті. Сонымен бірге медицина саласын таңдаған жастар үшін – оқу барысында тек қана теориялық және клиникалық білім алып қана қоймай, әскери дайындықтан өту үлкен жауапкершілік пен төзімділікті, тәртіп пен жинақылықты, рухани беріктікті де қалыптастыратын кезең екенін айтты.
Салтанатты рәсімге Қазақстан-Ресей медицина университетінің ректоры, профессор Нұрлан Жайнақбаев, профессор-оқытушылар құрамы, ардагерлер, білім алушылар мен құрметті қонақтар қатысты.
«Фармация» мектебінің кафедраларының ПОҚ және «Фармацевтикалық технология» кафедрасының профессорлары қатысты:
1. Кизатова Майгул Жәлелқызы, әкесі – Кизатов Жәлел Кизатұлы, 154-ші гвардиялық артиллериялық полктің батарея басқару взводының командирі, гвардия лейтенанты, Кеңес Одағының батыры, cоғыс және еңбек ардагері, қоғам қайраткері;
2. Ибадуллаева Ғалия Сәруарқызы, әкесі – Ибадуллаев Сәруар Ибадуллаұлы Зенитті артиллерия расчетінің командирі, аға сержант, cоғыс және еңбек ардагері;
3. Смагулова Мария Васильевна.
Іс-шара аясында әскери-патриоттық тәрбиеге және болашақ офицерлер мен сержанттарды даярлауға үлес қосқан курсанттар, кафедра өкілдерімен қонақтарға арналған бағдарлама бойынша Ұлттық ұлан оркестрінің өнері, концерттік қойылымдар, қару-жарақ көрмесі, әскери техника шеруі және жауынгерлердің көрсетілімдері ұсынылды. Дәстүр бойынша шара соңында қатысушыларға сарбаз ботқасы ұсынылды.






