Тілдер мерекесіне орай Ахмет Байтұрсынұлы мұражайына саяхат

Фармацевтикалық технология кафедрасының ассистенті Сарқытбекова Айым Қуатбекқызы қыркүйектің 27-сі 2023 жылы «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығының 2 курс студенттері 22-036 тобымен еліміздің қасиетті әрі қастерлі мерекесі «Қазақстан халқы тілдері» күніне орай Ахмет Байтұрсынұлының мұражайына барды.

Бұған дейін Тілдер мерекесі 22 қыркүйекте атап өтілетін. Бұл өзгерістің басты себебі- «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы- тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тілі үшін күресте, Ұлт ұстазы атанған Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты.

Студенттер мұражай аралау сәтінде үлкен ұлы сезім, патриоттық рухқа бөленіп шықты. Мұражайға тек қана қызықтау мақсатында келмей, керемет сезімге бөленгендерін, терең ой түйгендерін бір-біріне айтып, ой бөлісті. Студенттер үшін, қоғам үшін осы мұражай тәрбиенің қайнар көзіне айналмақ!