ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ «ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ ФАРМАЦИЯ САЛАСЫНДА КАДРЛАРДЫ ПӘНАРАЛЫҚ ДАЯРЛАУДЫҢ РӨЛІ»

2026 жылғы 21 мамырда «ANaMed Forum – New Generation 2026» халықаралық форумы аясында өткен, Фармация мектебінің 75 жылдығына арналған «Фармациядағы цифрлық технологиялар: білім, ғылым және өндіріс интеграциясы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция шеңберінде «Денсаулық сақтаудың тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі фармация саласында кадрларды пәнаралық даярлаудың рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел форматындағы секциялық отырыс өткізілді.

Іс-шара «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша ОӘБ РОӘК-тің фармацевтикалық білім беру бағдарламалары жөніндегі оқу-әдістемелік топтың (ОӘТ) кеңесі аясында ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты: клиникалық фармацияның, цифрлық денсаулық сақтаудың, жасанды интеллекттің, интегративті және дербестендірілген медицинаның қарқынды дамуы жағдайында пәнаралық білімге, ғылыми-зерттеу дағдыларына және тәжірибеге бағдарланған құзыреттерге ие жаңа буын мамандарына деген сұраныс артып отыр. Осыған байланысты халықаралық стандарттарды, жұмыс берушілердің қажеттіліктерін және фармацевтикалық ғылым мен практиканың заманауи инновациялық даму бағыттарын ескере отырып, білім беру бағдарламаларын жетілдіру қажеттілігі өзекті болуда.

Дөңгелек үстелдің модераторы ретінде Ибрагимова Айгүл Ғаффарқызы сөз сөйледі – «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша ОӘБ РОӘК-тің фармацевтикалық білім беру бағдарламалары жөніндегі оқу-әдістемелік тобының төрайымы, фармацевтика ғылымдарының кандидаты, «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасының меңгерушісі.

Дөңгелек үстел жұмысына келесі ұйымдардың өкілдері қатысты:

  1. «Астана медицина университеті» КеАҚ жанындағы ОӘБ РОӘК;
  2. ОӘБ РОӘК-тің фармацевтикалық білім беру бағдарламалары жөніндегі оқу-әдістемелік тобы;
  3. С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті;
  4. Астана медицина университеті;
  5. Қазақстан-Ресей медицина университеті;
  6. Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы;
  7. Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты;
  8. Қазақстан Республикасының Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы;
  9. С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың «Ақсай» республикалық балалар клиникалық ауруханасы;
  10. Медсервис Плюс ЖШС корпоративтік фармацевтикалық компаниясы;
  11. Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы;
  12. Профессор Рузуддинов атындағы жоғары медициналық-стоматологиялық колледжі;
  13. Алматы облысы, Талғар қаласындағы «Талғар жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ МКК;
  14. «Диана» жоғары медициналық колледжі;
  15. «Интердент» жоғары медициналық колледжі.

Іс-шараға қатысушыларға құттықтау сөзбен Имашева Бағдат Сәкенқызы жүгінді – ОӘБ РОӘК оқу-әдістемелік бөлімінің төраға орынбасары, биология ғылымдарының докторы, профессор, Астана медицина университеті.

Дөңгелек үстелде келесі баяндамалар тыңдалды:

  1. Ибрагимова А.Г. – «Әлемдік қауымдастықтың жаһандық трендтері мен сын-қатерлері жағдайында “Фармация” білім беру бағдарламаларын жетілдіру»;
  2. Тлеубаева М.И., С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың фармацияны ұйымдастыру, басқару және экономикасы, клиникалық фармация кафедрасының қауымдастырылған профессоры және Құрманалиева Шынар Мұхтарқызы, «Фармация» және «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламалары комитетінің төрайымы, инженерлік пәндер және тиісті практикалар кафедрасының профессор ассистенті – «Фармацевтикалық білім беру бағдарламалары бойынша кадрларды даярлаудағы мультидисциплинарлық тәсіл»;
  3. Омари А. М., Астана медицина университеті Фармация мектебінің деканы – «Фармация» білім беру бағдарламасындағы жасанды интеллект: цифрлық сауаттылықтан қауіпсіз клиникалық практикаға дейін»;
  4. Бактыгалиева А. Х. – жоғары санатты провизор, іскерлік әкімшілендіру магистрі, Алматы қаласындағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының клиникалық-фармакологиялық бөлімінің жетекшісі және Тлеубаева М.И.– С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың фармацияны ұйымдастыру, басқару және экономикасы, клиникалық фармация кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD – «Клиникалық фармацияның дамуы және ұтымды фармакотерапияны қамтамасыз етудегі фармацевтің рөлі».

Баяндамаларды талқылау қорытындысы бойынша дөңгелек үстел қатысушылары денсаулық сақтаудың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін кадрларды пәнаралық даярлаудың негізгі бағыттарын қамтитын қарар қабылдады.

  1. Медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын World Health Organization және International Pharmaceutical Federation ұсынымдары мен халықаралық стандарттарға сәйкес жаңғырту, білім алушыларды даярлау үдерісіне цифрлық технологияларды, жасанды интеллектті және клиникалық практиканы интеграциялауға басымдық беру.
  2. Жұмыс берушілердің, клиникалық базалардың, фармацевтикалық ұйымдардың және ғылыми орталықтардың қатысуымен тәжірибеге бағытталған оқытуды дамыту.
  3. Жаңа буын фармацевт түлегінің кәсіби бейінін қалыптастыру.
  4. Денсаулық сақтау жүйесі мен фармацевтикалық сала үшін кадрлар даярлау мәселелері бойынша тұрақты жұмыс істейтін сараптамалық алаңдар мен салалық кеңестер құру.
  5. Медициналық және фармацевтикалық ұйымдар базасында дуальды оқыту, тағылымдамалар және кәсіби практикалар тетіктерін кеңейту.
  6. Келесі жаңа кәсіби бағыттарды дамытуға ықпал ету:
  • цифрлық фармация және фармацевтикалық деректерді талдау жөніндегі маман;
  • клиникалық фармацевт;
  • фармацевтикалық саладағы регуляторлық талаптар жөніндегі маман;
  • фармакологиялық қадағалау (фармакобақылау) маманы;
  • клиникалық зерттеулер менеджері;
  • ұтымды фармакотерапия жөніндегі кеңесші;
  • дәлелді медицина және медициналық технологияларды бағалау жөніндегі сарапшы.
  1. Цифрлық фармация саласындағы білім мен дағдыларды келесі құзыреттер арқылы қалыптастыру және дамыту:
  • фармацияда жасанды интеллектті қолдану;
  • дәрілік заттарды жеткізу тізбегін цифрлық басқару;
  • GMP-талдау және сапаны цифрлық бақылау;
  • фармацевтикалық өндірісті автоматтандыру;
  • фармацевтикалық деректерді басқару;
  • дәрілік заттарды әзірлеу мен өндіруде AI және Big Data технологияларын пайдалану;
  • дәрілік заттарды фармакологиялық қадағалаудың және қадағалануын қамтамасыз етудің цифрлық жүйелері;
  • фармакотерапиядағы үлкен деректерді талдау;
  • дәрілік заттардың қауіпсіздігін цифрлық мониторингілеу.
  1. Білім берудің барлық деңгейлерінде білім алушылардың soft skills дағдыларын, көшбасшылық қасиеттерін, коммуникациялық құзыреттерін, академиялық ұтқырлығын және зерттеу мәдениетін дамыту.
  2. Шетелдік университеттермен және ғылыми орталықтармен халықаралық ынтымақтастық пен академиялық әріптестікті дамыту, сондай-ақ International Pharmaceutical Federation ұйымына мүшелікті кеңейту.
  3. Жаһандық денсаулық сақтаудың цифрлық трансформациясын басқаруға қабілетті мамандар даярлау мақсатында бірыңғай білім беру консорциумын құру.

Дөңгелек үстел жұмысының соңында қатысушылар Алматы қаласындағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты АҚ-ның клиникалық фармакология және клиникалық фармация бөліміне барып, бөлімнің қызметімен танысты.