«Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» БББ 4-курс студенттерінің диплом алды практикасы аясындағы дәріс пен шеберлік сабағы

Ботаника курсымен фармакогнозия кафедрасында «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттерінің диплом алды практикасы аясында дәрілік өсімдік шикізатының сапасын GACP талаптарына сәйкес қамтамасыз ету және Қазақстанның дәрілік өсімдіктерінің биоалуантүрлілігін сақтау мәселелеріне арналған дәріс пен шеберлік сабағы өткізілді.

2026 жылғы 13 қазанда № 7 оқу корпусының № 4 аудиториясында Хамитова А.Е. «GACP талаптарына сәйкес дәрілік өсімдік шикізатын сақтау, тасымалдау және таңбалау ерекшеліктері» тақырыбында дәріс өткізді.

Дәріс барысында студенттер GACP негізгі талаптарымен, дәрілік өсімдік шикізатын сақтау, тасымалдау және таңбалау ерекшеліктерімен, сондай-ақ оның айналымының барлық кезеңдерінде сапасы мен қауіпсіздігін сақтау қағидаларымен танысты.

2026 жылғы 14 қазанда «Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген, сондай-ақ сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген дәрілік өсімдіктердің биоалуантүрлілігі» тақырыбында шеберлік сабағы өткізілді. Спикер ретінде PhD, Ботаника және фитоинтродукция институтының ғылыми қызметкері Джиенбеков Айбек Қапланбекұлы сөз сөйледі.

Шеберлік сабақ барысында Қазақстанның сирек кездесетін өсімдік түрлерін сақтау, өсімдіктер дүниесін қорғау және дәрілік өсімдіктердің өңірдің биоалуантүрлілігін сақтаудағы маңызы қарастырылды. Студенттер сирек кездесетін флораны қорғау саласындағы білімдерін тереңдетіп, маманға өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.

Өткізілген іс-шаралар студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін кеңейтуге, теориялық білімдерін тереңдетуге және табиғи ресурстарды сақтауға деген жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етті. Дәріс пен шеберлік сабағының үйлесуі дәрілік өсімдік шикізатының сапасын қамтамасыз ету мәселелерін дәрілік өсімдіктерді ұтымды пайдалану және қорғау мәселелерімен ұштастыруға мүмкін