Ғылыми зерттеу жұмыстары

Кафедра фармацевтикалық ғылымды дамытуға, заманауи ғылыми тәсілдерді енгізуге, сондай-ақ қызметкерлер мен білім алушылардың ғылыми әлеуетін арттыруға бағытталған ғылыми-зерттеу қызметін белсенді жүзеге асырады.

Кафедраның ғылыми бағыты: табиғи шикізат негізінде дәрілік заттарды зерттеу және әзірлеу.

Профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу жұмысы оқу-әдістемелік қызметпен тығыз байланыста және мынадай міндеттерді шешуге бағытталған:

  • теориялық және қолданбалы зерттеулердің жаңа жетістіктері мен нәтижелері негізінде оқу жоспарының барлық пәндері мен курстарының мазмұндық жағының ғылыми-әдістемелік деңгейін қамтамасыз ету;
  • профессор-оқытушылар құрамының педагогикалық шеберлігін арттыру, студенттердің оқу сапасын арттыру;
  • студенттердің өздері таңдаған кәсіби қызмет бағыттарында өз бетінше ғылыми-зерттеу жұмыс тәжірибесін игеруіне жағдай жасау.

Профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі нысандары:

  • ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау;
  • ғылыми мақалалар, баяндамалар дайындау;
  • ғылыми кеңес беру;
  • жариялауға дайындалып жатқан материалдарды ғылыми сараптау және редакциялау;
  • әдістемелік ережелерді сынақтан өткізу және оларды қызмет тәжірибесіне енгізу.

Кафедра қызметкерлері жыл сайын Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бағдарламалары аясында өткізілетін конкурстар мен ғылыми жобаларға, сондай-ақ УІГ конкурстарына қатысады. Қызметкерлердің ғылыми қызметінің нәтижелері отандық және шетелдік ғылыми басылымдардағы жарияланымдарда, патенттер мен авторлық құқықтарды тіркеу туралы куәліктерді қоса алғанда, зияткерлік меншік объектілерінде, сондай-ақ республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық конференциялардағы баяндамаларда көрініс табады.

2026 жылы кафедра ассистенті Рахимова Н.А. «Жас Ғалым» гранттық конкурсының жеңімпазы атанып, 2026-2028 жылдарға арналған «Фармацевтикалық индустрия үшін кизильник жемістерінен пектинді алудың инновациялық әдістері» атты ғылыми жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік алды.

Кафедра жыл сайын халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларды ұйымдастыруға қатысады, оның ішінде: «Фармация және стоматологияның басымдықтары: теориядан практикаға дейін», «Жасыл Фармация (Green Pharmacy)».

Сонымен қатар, кафедра білім алушылардың кәсіби білімдерін, практикалық дағдыларын және ғылыми қызығушылығын дамытуға бағытталған фармацевтикалық химия және фармакогнозия бойынша халықаралық олимпиаданы ұйымдастырады.

Кафедраның ғылыми қызметі жоғары білікті мамандарды даярлаудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады және отандық фармацевтикалық ғылымды дамытуға, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге және заманауи ғылыми әзірлемелерді білім беру үдерісіне енгізуге ықпал етеді.