«Фармация» білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған тәжірибеге бағытталған тренинг

2026 жылғы 21–24 қыркүйек аралығында С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың «Фармация» білім беру бағдарламасының студенттері фармацевтикалық қамқорлық аясында ұйымдастырылған тәжірибеге бағытталған тренингтер сериясына қатысты.

Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ 17) «Тұрақты даму мүддесіндегі әріптестік» мақсатын іске асыру шеңберінде іс-шараның бірлескен ұйымдастырушылары «Inkar», ProMedicas, Haleon, Aristo Pharma, Sandoz, Medservice, AstraZeneca, «Герофарм» және «Сона-Фарм Микс» компаниялары болды. Тренинг модераторлары ретінде «Inkar» компаниясының тренері Талғат Әлімжанов, сондай-ақ Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасының ғылыми атағы жоқ қауымдастырылған профессоры, PhD Арайлым Муканова қатысты.

Оқыту барысында «ЖРВИ мен тұмаудың рационалды терапиясы: алғашқы симптомдардан сауығуға дейін» және «Асқазан-ішек жолы ауруларының күзгі өршуі: стресс және тамақтану рационының өзгеруі кезеңінде асқазанды қорғау» тақырыптары бойынша өзекті мәселелер қарастырылды. Дәрілік заттарды ұтымды және қауіпсіз қолдану қағидаттарына, аурулардың алдын алуға және халыққа кеңес берудегі фармацевтің рөліне ерекше назар аударылды.

Фармацевтикалық компаниялардың өкілдерімен кездесулер студенттерге Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарығында ұсынылған дәрілік препараттардың ассортименті туралы білімдерін кеңейтуге, сондай-ақ фармацевтикалық компаниялардың қызметі туралы тәжірибеге бағытталған түсінік алуға мүмкіндік берді.

Кездесулер барысында студенттер кәсіби коммуникация, кеңес беру және фармацевтикалық өнімдерді сату дағдыларын дамытты, тұтынушылардың қажеттіліктерін анықтауды, дәрілік препараттардың артықшылықтарын дәлелді түрде ұсынуды, қарсылықтармен жұмыс істеуді және клиенттермен тиімді өзара әрекеттесуді үйренді. Осылайша, алынған білім мен практикалық дағдылар студенттердің кәсіби даярлығы үшін, оның ішінде қорытынды аттестаттау шеңберіндегі тәуелсіз емтиханды тапсыру үшін маңызды мәнге ие.