ВЕБИНАР ТҮРІНДЕГІ ТӘЛІМГЕРЛІК САҒАТ ӨТКІЗІЛДІ

2026 жылғы 9 сәуірде С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті Фармация мектебінің «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері (ФӨТ 22-017, ФӨТ 22-018 топтары) үшін тәлімгерлік сағат өткізілді.

Іс-шараны топ тәлімгері – PhD, кафедраның ғылыми атағы жоқ қауымдастырылған профессоры Рахымбаев Нұрғали Аманбайұлы және 4-курс студенті Каримбаева Назлида бірлесіп жүргізді.

Тәлімгерлік сағат «Жаһандық денсаулық жолындағы күрес: Дүниежүзілік денсаулық күні және Тұрақты даму мақсаттары контекстінде» тақырыбында вебинар форматында ұйымдастырылып, Zoom платформасы арқылы онлайн өткізілді.

Шара барысында Дүниежүзілік денсаулық күнінің маңызы, жаһандық денсаулық мәселелері және оларды шешудегі Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) рөлі қарастырылды. Сонымен қатар, студенттермен бірлесе отырып ТДМ-ді насихаттау, денсаулықты нығайту және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Вебинар интерактивті форматта өтіп, білім алушылар белсенді қатысып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Өткізілген тәлімгерлік сағат студенттердің жаһандық денсаулық мәселелеріне қызығушылығын арттырып, кәсіби дүниетанымын кеңейтуге ықпал етті.