Фармакогнозия бойынша өндірістік тәжірибені студенттер ТашФармИ-де өтеді

2026 жылғы 20-24 сәуір аралығында НАО «С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» ботаника курсымен фармакогнозия кафедрасының лекторы Ан Владимир Сергеевичтің жетекшілігімен «Фармация» БББ 4 курс студенттері фармакогнозия бойынша өндірістік тәжірибені Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласындағы Ташкент фармацевтикалық институты базасында өтті.

Тәжірибенің бірінші күнінде ТашФармИ фармакогнозия кафедрасының меңгерушісі, х.ғ.д., профессор Фарманова Н.Т. студенттерді кафедраның тарихымен, тәжірибеден өту кестесімен таныстырып, еңбек қауіпсіздігі бойынша нұсқама жүргізді, сондай-ақ кафедраның материалдық-техникалық базасын, оқу зертханаларын, заманауи жабдықтар мен құралдарды көрсетті.

Тәжірибенің екінші күні Ташкент қаласының Бас ботаникалық бағы базасында өтті. Студенттер дәрілік және сәндік өсімдіктерді өсіру, суару және күтіп-баптау жағдайларымен танысты. Өзбекстан Республикасының флоралық алуан түрлілігін зерттеп, гербарий жасау үшін дәрілік өсімдік шикізатын дайындады.

Тәжірибенің үшінші және төртінші күндері Өзбекстан Республикасы Ташкент мемлекеттік аграрлық университеті базасында өтті. Сабақ барысында студенттер дәрілік өсімдік шикізатын жинау, кептіру және сақтау үдерістерімен, оны алғашқы өңдеу әдістерімен, сондай-ақ сапа талаптарына сәйкес қаптау және таңбалау қағидаларымен танысты. Сонымен қатар, дәрілік өсімдік шикізаты қорларын зиянкестерден қорғау әдістері және дәрілік өсімдіктерді тиімді өсіру жағдайлары қарастырылды. Студенттер өсімдік шикізатын өңдеу және өсімдіктерді қорғау бағытындағы профильдік кафедралардың жұмысымен танысты.